ірдей салмақ көтереді. Бірақ өрмек жібі алты есе жеңіл, яғни алты есе берік.
Адамзат табиғаттан көп нәрсені көшіріп алды, бірақ өрмек тоқу сияқты күрделі үрдісті қайталау әлі күнге дейін мүмкін болмай келеді. .
Шаршылы өрмекші өзінің дөңгелек пішінді ұстайтын ауын тоқу үшін біршама ұзын берік жіпті шығарады. Жел немесе ауаның ағымы жіпті жоғары көтереді, егер өрмек тоқитын жер сәтті таңдалса онда жіптің бір ұшы жақын тұрған өсімдік сабағына ілінеді. Өрмекші осы жіп арқылы жүріп өтіп екінші ұшын бекітеді, кейде беріктік үшін қабаттап екінші жіп тартады. Содан кейін ол салбыраған жіпті шығарады, оның орта шеніне "Y" әрпінің формасына келетіндей етіп үшінші жіпті бекітеді. Радиалды жіптері және рамасы дайын болғанда, өрмекші орталыққа оралып, уақытша қосалқы оралманы (спираль) жүргізеді. Қосалқы оралма конструкцияны бекітеді және өрмекшіге аулау оралмасын құрастыру үшін жол болып табылады. Барлық негізгі каркас, радиустарын қосқанда жабысқақ емес жіптен жасалады, ал аулау оралмасын жасауға сырты жабысқақ затпен қапталған қос қабатты жіп пайдаланылады.
:: Өрмекші көлденең жіптен тігінен төмен қарай түседі де ұшын бұтаққа бекітеді.
:: Раманың центрінде радиус - жіпшелерді біріктіре отырып, каркас құрастырады.
:: Центрдан шетке қарай жылжи отырып, радиустарға жалпақ оралма салады
:: Шеттен центрге қайта оралып, ол тағы бір, енді жабысқақ жіптен, спираль салады.
Бұл өрмекке түскен жемтік өздігінен босап шыға алмайды. Өрмек жабысқақ, созылмалы және өте берік. Өрмекші үшін бұл жемтігін аулайтын ау ғана емес, оның денесінің жалғасы тәрізді. Ол кез келген тірі жәндіктің дірілін сезеді, және кідіріссіз оған шабуыл жасайды.
3 топқа тапсырма
Өрмекшінің ішкі құрылысы
Шаршылы өрмекші белгілі шебер, оның аңшылық өрмегі дөңгелек пі
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>