жүретін аяқтары бар (Ұ)
12) зәр шығару жүйесі - мальпигий түтіктері (Р)
13) өрмекшілерде екі жұп мұртшалары бар (Н)
14) өрмекшілердің тыныс алу мүшелері - трахеялар мен өкпе (Т)
2. Есеп.
Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік.
Шешуі: 5000 х 2 10 000 мух.
Ал егер өрмекшілер көп болса 25 000 - ға дейін шыбынды жоқ қылады. Сонда олар қанша пайда келтіретінін ойланып көрдіңдер ме? Себебі шыбын ол нағыз - апокалипсис! Өйткені ғалымдар оның денесінен 26 млн микробтар тапқан, ол микробтар адамдадарда туберкулез, сібір жарасы, іш сүзек, дизентерия ауруларын тудырады. Сонымен қатар шыбындар басқа да паразит құрттардың жұмыртқаларын тасымалдаушы болып табылады.
Жаз ыстық болса бір шыбын 9 ретке дейін ұрпақ береді. Күзге дейін бүкіл жер шарына шыбындар қоныстанар еді. Мұндай апаттан шыбынның бірінші жауы өрмекшілер құтқарады. Бұдан шығар қорытынды өрмекшілерді қорғау керек.
3. Синквейн құрастыру (бес жолды өлең)
Өрмекші зат есім
Қорқынышты, улы сын есім
Тоқиды, аулайды, шағады етістік
Өрмекшілер - құрлық жыртқыштары. сөйлем
Арахнида синоним
VI. Бекіту сұрағы: Балалар өрмекші туралы пікірлерің өзгерді ме? 1 мин
VII. Бағалау. 2 мин
4. Рефлексия. (екі жұлдыз бір тілек тәсілі) 1 мин
VIII. Үй тапсырмасы: 1 мин
46, сурет 119. Өрмекшітәріздестердің сан алуандығы тақырыбына қосымша мәліметтер жинап келу.
Страницы: << < 8 | 9 | 10