қатар жүрек, тыныс алу және көбею мүшелері және т. б. орналасады. Денесі сыртқы қаңқамен қапталған және екі бөліктен тұрады: баскөкірек және құрсақ бөліктері. Баскөкірек бөлігінің алдыңғы жағында қарапайым көздер бар, олардың орналасуы жүйелік топтың маңызды ерекшелігі болып табылады. Көпшілік өрмекшілерде төтр жұп көздері бар. Баскөкірек бөлігінде алты жұп аяқ бар. Бастың алдыңғы жағында жаққа ұқсас төмен қарай бағытталған екі аяғы хелицералары орналасқан, әрқайсысы өткір тырнақпен аяқталады. Оған осы аяқтарда орналасқан улы бездердің өзектері ашылады. Екінші жұп - педипальптар, бұлар сипап - сезу және қармалау қызметтерін атқарады. Көбеюге қабілетті ересек аталықтарда олардың ұштарының түрі өзгерген және жұптасуға қолданылады. Педипальптардың түп жағында ауызқуысы орналасады. Басқа жәндіктерден айырмашылығы жүретін аяғы үш жұп емес, төрт жұп. Әр аяқтың соңғы буынында кем дегенде екі тырнақтары болады, кейбір түрлерінде одан да көп. Өрмек бездері құрсақ бөлігінің төменгі жағында орналасады. Оның алдында тыныс алу саңлаулары - трахеялар орналасады.
1. Өрмекшітәріздестер құрылысының сызбанұсқасын құр.
2. Құрылысындағы қандай ерекшеліктер өрмекшітәріздестердің бүкіл жер шарына таралуана мүмкіндік туғызды?
1) Күшті жақтарының болуы.
2) Улы бездердің болуы.
3) Өрмек сүйелдерінің болуы,
4) Хитин жамылғысының болуы. Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
Екінші топқа арналған тапсырма.
Өрмекшілер өрмекті қалай тоқиды.
Мүмкін өрмекшілер - қызығатын жәндіктер емес шығар, бірақ олардың туындылары - өрмек - таңқалдырмай қоймайды. Естеріңе түсіріңдерші ағаш бұтақтарының арасыда немесе биік өсімдіктердің арасында күн көзіне шағылысқан, геометриялық дәлдікпен тоқылған жіңішке жіпшелер көздің жауын алады.
Өрмекшілер - құрлыққы 200 миллион ж
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>