Өрмекшітәріздестер класы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

екшітәріздестер буынаяқтылар типіне жатады. Осы типтің негізгі ерекшеліктерін еске түсірейік.
III. Топтық жұмыс.
Өрмекшітәріздестердің ішкі және сыртқы құрылысына байланысты тапсырмалар таратылады.
Оқушылардың топтағы жұмыс істеу алгоритмі. 20 мин
1 топ: шаршылы өрмекші мысалында өрмекшілердің сыртқы құрылысына байланысты жұмыс жасайды.
2 топ: өрмекшінің өрмек тоқуымен танысады.
3 топ: өрмекшілердің ішкі құрылысымен танысады.

1. Әр оқушы мәтінді оқып шығады.
2. Барлық оқушылар таблица түрінде тірек конспектілерін құрады, терминдерді жазады, тақырыптың маңызды түсініктерін дәптерге түсіреді, салыстырмалы таблицамен жұмыс жүргізеді. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.
3. Әр топтан бір оқушы өздерінің тақта алдында қорғайды. 10 мин

Бірінші топқа арналған тапсырма.
Өрмекшітәріздестер класы (Arachnida) -- жануарлардың өте ежелгі топтарының бірі: олардың қазіргі кескіні өте ертеде, динозаврлар дәуірінде, жүздеген миллион жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі ғылымда 70 мыңан астам түрі белгілі және осыншасы, тіпті одан да көбі әлі белгісіз.
Негізінен өрмекшітәріздестер құрлықта тіршілік етеді, суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Мысалы су өрмекшісі. Барлық буынаяқтылар тәрізді өрмекшітәріздестерде де сырты қаңқасы бар. Өрмекшітәріздестердің сегіз жүретін аяғы бар. Басқа жәндіктерден айырмашылығы өрмекшітәріздестерде мұртшалары да, қанаттары да болмайды. Денесінің алдыңғы бөлігі бас пен көкіректің тұтасуынан түзілгендіктен, баскөкірек бөлігі деп аталады. Бұл бөлікте: көз, аяқтары, жақаяқтары: хелицералар мен педипальпалар орналасқан. Үстіңгі жағынан берік қалқаншамен қапталып, ішінде ми орналасады. Денесінің артқы бөлігі құрсақ деп аталады. Оның ішінде тек асқорыту мүшелері ғана орналаспайды, сонымен

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: