жайында мұндай түсініктер қалыптасқан?
Әрқайсыңызға өрмекші қандай жамандық көрсетті? Қолдарыңызды көтеріңіздер.
Өрмекші жайында не білгілеріңіз келеді?
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Өрмекшітәріздестер класы" (тақтаға жазылады)
Арахна жайындағы аңыз
Ежелгі грек аңыздарының бірі не дейтінін тыңдаңыздар.
Баяғы өткен заманда Лидияда Идмана бояушының Арахна атты қызы өмір сүріпті. Оның әдемі өрнек салып мата және кілем тоқу өнеріне ешкім де тең келмепті, сонысымен әлемге әйгілі болыпты. Шеберлігіне масаттанған Арахна өзін құдайға теңеп, күнге балапты.
Әй, Паллада, . . .
Мен болжаймын және болжамым таяу арада орындалады,
Мен әлемде болмаған кілем тоқимын,
О, Афина сенің шеберлігің менің шеберлігімнің жанында түкке тұрмас,
Менің өнеріме тең келетін жерде де, көкте де ешкім жоқ,
Бұл өмірде тек бірақ шебер бар ол - Арахна!
Айтқанындай Арахна Афинаның кілеміне парапар келетін кілем тоқып шығыпты. Бірақ оның құдайларды сайысқа шақырған такаппарлығы, өркөкіректігі үшін, Афина оның шеберлігін мойындамай, Арахнаны жазалайды.
Қарғыс атсын сені, ғұмыр бойы өрмек тоқып өт,
Адамдар өмір бойы соңыңа түсіп қуатын, ұсқынсыз Арахна бол.
Бәрі сенен қорқып, сені мыжып өлтіріп, өрмегіңді үзетін болады.
Ал өзіңнің мақтан тұтатын шеберлігің өзіңмен мәңгілік қалсын:
Өмірің бұрышта отырып өрмек тоқумен өтеді.
Міне, осындай аңыз негізінде Арахна есімінен өрмекшілердің латынша атауы арахнида шыққан. Өрмекшілер жайындағы ғылым арахнология деп аталады.
Арахнология - өрмекшілерді зерттейтін ғылым. тақтаға жазылады
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - өрмекшітәріздестердің ішкі және сыртқы құрылысымен, олардың тіршілігіндегі ерекшеліктерімен, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен танысу.
Өрм
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>