Рента және өмір бойы асырауда ұстау

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

і. Тараптардың шынайы еркі туралы дау-дамайлар туындауы мүмкін. Мысалға, рента төлеуші мүлік бағасын бөліп-бөліп төлеймін деп болжағаны анықталуы мүмкін. Нотариат қызметіне тараптардың нақты мақсатын анықтау жатады, ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын және мәнін түсіндіруге міндетті (Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңының 35-бабы). Рента шартының заңды құрылымының күрделігін ескертетін болсақ, бұның мәні келісетіндер үшін аз емес екенін танимыз.
Қозғалмайтын мүлікті беру рента төлеушіні толық міндеттемеден босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бірлескен жауапкершілігі қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушісі жаңа рента төлеушімен бірге субсидиарлық (қосымша) жауапкершілікті көтереді.
ІІ тарау. Рента шартының түрлері
2. 1 Тұрақты рента шарты
Шарттың элементері. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және комерциялық емес ұйымдар келеді. Азаматтар ренталық қатынастарды тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда ала алады: а) егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен рентаға берілсе; ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына шарт жасалған шарт орын алса.
Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу оларды тұрақты ренталық төлемдерді алу үшін кедергі болмайды, себебі бұндай жағдайларда азамат өзіне жататын жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді.
Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасыда тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер келмейді, себебі о

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: