Рента және өмір бойы асырауда ұстау

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

етті жоғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды.
Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата алады. Сату бағасында да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Сөйтіп меншік иесі табысты бір рет ғана болса да бірақ аса қауіпсіз таба алады.
Жалпылама рентада оларды бөліп шығару мәжбүрлі қажетті болып келетін дербес, элементер бар ма деген сұрақты қою орынды болады. Рента шарты институның жаңалығы осыны талап етеді. Ал бұл мәселеге арналған зерттеулер өте жеткіліксіз. Өз кезегінде рента шарты бұл оларды жасасу, әсіресі орындау кезінде даулы сұрақ (мәселелердің) көбі туындайтын азаматтық құқықтық шарттардың бірі.
Рента шартының ерекше белгілері ретінде А. П. Сергеев оның оған қатысатын тұлғалар араларында басқа шарттық міндеттемелерге тиесілі болып келмейтін айрықша құқықтық қатынастар пайда болуына әкелетінін көрсетеді. Бұл рента шартында туындайтын қатынастар, ұзақ, тұрақты, ал өмір бойы асырау кезінде сенімге негізделген болып келетінінже көрініс табады. Ренталық шарттың тағы да бір ерекшелігі, онда орын алатын тәуекелге негізделу (алеторлық) ешқандай өзге шартқа тән болып келмейді. Жоғары да рента шарты бойынша тәуекел және кәсіпкерлік тәуекел бір-біріне тең болып келмейтін түсініктер екені айтылған еді. Бірақ олар айырмашылығы дәрежесін әлі арнайы талдау қажет.
Рента шарты бойынша тәуекел А. П. Сергеев әділ көрсеткендей рента төлемдерінің мөлшері рента төлену үшін иеліктен шығарылған мүліктің құнынан көп, немесе керісінше аз болып шығуының қауіпінде. Шартты жасасқан кезде тараптар осы тәуекелді сезінеді және онымен келіседі деп болжана

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: