ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан - жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметтерді институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдан кейін ескіреді. Ал, мұндай жағдайды болдырмау үшін ұстаз үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс - әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой - өрісін кеңейтеді.
Ұстаздың педагогикалық шеберлікті жетілдіруі, ұстаздың ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру - оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделініп мектеп өміріне жүзеге асырыла бастаған және асырылатын педагогикалық шеберліктің ең басты мәселелері:
1) оқытудың ғылыми негіздерінің өмір, еңбекпен байланыстылығы;
2) оқытудың политехникалық принципі;
3) арнаулы факультативтік курстар;
4) бағдарламалар мен дифференциялық оқыту;
5) қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде алатын орны;
6) кәсіптік бағдар беру, техникалық құралдарды, компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану т. б. болып отыр.
Осы мәселелерді іс жүзіне асыру тікелей ұстаздың психологиялық, педагогикалық білім деңгейіне және кәсіби қабілеттілігіне байланысты. Сондықтан ол балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін, олардың табиғи байланыстылығын, атақты физиологтар И. Сеченов, И. Павлов, белгілі психологтар А. Смирнов, А. Леонтьев, А. Давыдов, дидактиктер Б. Есипов, М. Данилов, Л. Занков, М. Скаткин т. б

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: