ын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді ұстаздың зерттеп оқуы. Ол проблемаларды өз еркімен таңдап алуы, өйткені қай проблемалардың өте қажет екендігі оған белгілі.
2. Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсынбалар, әдістемелік оқу құралдарын жасау, оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты өз тәжірибесінен баяндама жазып, ауданда, облыста, республикада өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, "Педагогикалық оқуларда" өз жұмыстарын ұсынуы.
3. Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу. Дербес педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ішінде түрлі сайыстар ерекше орын алады.
Ұстаз психологиясының қабілеттілігін үлгілеу гностикалық, проективтік, конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік деп бес топқа бөледі. Осы бөлуге байланысты ұстаздық қабілеттің төмендегідей деңгейлердің біреуіне жатқызуға болады.
а) репродуктивтік (дайындықтың ең төменгі деңгейі), бұл деңгей ұстаз бар білгенін оқушыларға айтып беру қабілеттілігін көрсетеді;
ә) адаптивтік (төменгі деңгей), бұл деңгей ұстазбен оқушыларға жеткізетін мәселелерін олардың ерекшеліктеріне қарай ыңғайлап білу қабілеттілігі талап етіледі;
б) локальдық - үлгілеу (орташа), бұл деңгей ұстазбен оқытылатын пәннің кейбір бөлімдері бойынша оқушыларға білім, іскерлік пен дағдыларды қалыптартыра білу іскерлігін талап етеді;
в) жүйелі - үлгілеу (жоғары), бұл деңгей ұстаздың оқытатын пәнінің барлық бөлімдері бойынша оқушы бойында білімді, жан - жақты ойлау дағдыларды қалыптастыра білу іскерлігін талап етеді;
г) жүйелі - үлгілеу іс - әрекеті (өте жоғары), бұл деңгей ұстаздың оқушыларда дүниетану мен көзқарастар жүйелерін қалыптастыру және оларға дұрыс бағыт беру, сол сияқты олардың дұрыс шешім қабылдауын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>