а әсер ете білу іскерліктерін талап етеді.
Н. К. Крупская ұстаз уақытын қалай сақтай білуі керек, іскерлік қабілеттілігін қалай жетілдіру керек деген сұрақтарға жауап бере келіп, өте құнды пікірлер айтқан:
1. Жұмысты істей білу - бұл өзіне нақты мақсат қойып, оны жете түсіну, қойған мақсатты орындауда өте тиімді құралдарды таңдап ала білу.
2. Өз уақытыңды бөле біл, яғни жұмысты өнімді етіп істеуге, өзіңнің жұмыс қабілеттілігіңді көтеруге үйрету.
3. Жұмысты істей білу - бұл өз күшіңді және басқалардың күшін, барлық жұмыс жағдайын есепке алу, істің нәтижесін қортындылау.
4. Оқылатын материалды және сабақты ұйымдастырудың ең тиімді әдістерін таңдап алу. Демек, ұстаздық шеберлікте педагогикалық еңбекті немесе ұстаздық негізін ғылыми ұйымдастыру - бұл интенсификациялау, ізгілендіру мен гуманитарландырудың бірлігі.
Қазіргі заман ұстаздарының жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен, педагогикалық - педагогикалық мәселелерімен, шетел психологтары және педагогтарының теорияларымен үнемі қаруланып отыруы қажет.
Педагогикалық шеберліктің жетілдіруде екі жағдайды ескеру қажет:
1) ұстаздың жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу жолы;
2) екіншісі - әр түрлі ұжымдық жолмен мамандықты көтеру.
Ұжымдық формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; ұстаздардың білімін жетілдіру институты жанындағы қысқа мерзімді курстар жатады. Сонымен, ұстаздың қандай болса да педагогикалық еңбекке жарамдылық деңгейін анықтау үнемі жаңартып және жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Ұстаз өз мамандығына байланысты ғылыми - теориялық мәселелерді жоғарғы оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер, ол өзінің теориял
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>