ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кажибаев Боранбай Тулеуханович, технология пәні мұғалімі
Мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы - өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, парасатты, ата - бабаның әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін бойына сіңірген, ғылыми жұмыстарға бейім, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді де салауатты тұлғаны тәрбиелеу. Сондықтан да дарынды да тәрбиелі жастарды тәрбиелеу мектеп ұстаздың кәсіби шеберлігіне, қарым - қатынас жасау мәдениетіне байланысты.
Ұстаз психологиясында педагогикалық шеберліктің қыр-сыры мен оның асау қабілеттерінің дамуы, қарым-қатынасты дамыту барысында олардың санасы мен мінез - құлқындағы өзгешеліктерін анықтай отырып, педагогикалық шеберлікті қалыптастыру стилін байқау, этика мен ұстау мәдениеттерінің қалыптастырулары болып табылады.
Ұстаз тұлғасының психологиясы қандай болуы, ол ұстаздың кәсіби қабілеттілігі мен жеке қабілеттілігінің көрініс табуымен сипатталады.
Ұстаз еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылқты сүйеді. Өйткені, жеткіншек ұрпаты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау - ұстаздарды көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі.
Олай болса, әрбір ұстаз орта немесе жоғарғы дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана ұстаз жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және шеңбері бола алады.
Тұтас алғанда мұғалімнің қабілеттілігі оның жалпы дайындығына, педагогикалық біліміне және әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Ұстаздық шеберліктің дербес формаларына:
1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, дидактикалық, тәрбие теорияс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>