оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процестi оқыту процесi деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.
"Технология" ұғымы "тehne" - өнер, шеберлiк , "logos" - iлiм, бiлiм, оқу, ғылым деген мағыналарды бiлдiретiн, грек тiлiнен енген екi сөзден тұрады. Сондықтан, "технология" - терминiн - өнер туралы ғылым немесе шеберлiк туралы ғылым - деп аударуға болады.
АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екiншi жартысынан бастап оқыту процесiнiң технологиясын жасау бағытындағы iзденiстер белсендi түрде жүргiзiле бастады. Осы уақытта оқыту үрдiсiне техникалық құралдардың енуiне байланысты "бiлiм берудiң технологиясы" - терминi кеңiнен қолданыла бастады. Кейiнiрек, түрлi техникалық құралдарды қолдану әдiстерi жөнiндегi еңбектердiң ықпалымен бұл терминдер "педагогикалық технология" - деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдiс шет елдерде кеңiнен қызу талқылана бастады. Мұнда негiзгi екi бағыт көзге түстi. Бiрiншiсi, бұрынғыша технологиялық әдiстi, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екiншiсiнiң құрамында оқу процесiнiң өзiн ұйымдастырудағы технологиялық әдiстер дами бастады да педагогикалық технология "оқытудың технологиясы" - деген термин пайда болды 7.
60-шы жылдардың аяғы, 70-шi жылдардың бас кезiнде АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония т. б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту процесi бiлiм беру процесiнiң бiр ғана бөлiгi болып табылатындықтан, "оқытудың технологиясы" терминiнiң мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық "тәрбиенiң технологиясы", "дамыту
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>