ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИIМДIЛIГI

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

технологиясы", "қалыптастыру технологиясы" - ұғымдарына да тән. Қазiргi кезеңде батыста бiлiм беру саласындағы технологияны белгiлеу үшiн "бiлiм беру технологиясы" - ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлiнше аясы кең, бiлiм берудiң түрлi салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, бiлiктiлiктi арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлi оқыту мекемелерiндегi оқыту процесiңде және т. б. ) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, "бiлiм беру технологиясы" - терминiн бүкiл бiлiм беру жүйесiн технологияландыру заңдылықтарын зерттейтiн ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар едi. Бiрақ, әзiрше бұл термин көп жағдайда тек мектептегi оқыту процесi төңiрегiн сипаттауда ғана қолданылып жүр 7.
"Бiлiм беру технологиясы" - ұғымын мұғалiмдер мен оқушылардың бiлiм берудiң жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесi технологиясы ретiнде қолданамыз. Бiлiм берудiн технологиясына -- оқытудың техникалық құралдары, бiлiм беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Сырттай қарағанда, технологияның әдiстемесi мен оқыту үрдiсiңдегi әдiстемелiк және технологиялық әдiс-тәсiлдер арасында қарама-қайшылық жоқ. Себебi, "оқытудың әдiстемесi" - ұғымы "бiлiм беру технологиясы" - ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлiрек айтсақ, әдiстеме "не үшiн, неге және қалай оқыту керек?" - негiзгi үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технология болса, мақсат белгiлi болып, оған жетудiң нақты iс-әрекетiн, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана iске кiрiседi. Олай болса, технология әдiстемелiк процестiң құрамына енiп, әдiстеменi жүзеге асыруға қызмет етедi деген қорытынды жасауға болады.
Педагогикалық технологиялар

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: