ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИIМДIЛIГI

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушiлерi педагогикалық технологияны психология, әлеуметтiк философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды бiлiм беру және кибернетика элементтерiнен тұратын пәнаралық конгломерат ретiнде қарастырады.
Сонымен, педагогикалық технологияны -- оқыту үрдiсiн түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, бiлiмдi адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы бiлiмдi игеру, және осы жолда тиiмдi түрiне жету үшiн оларды жоспарлаудың жүйелi әдiсi ретiнде қарастыруға болады.
Бiлiм берудiң технологиясы педагогикалық пән ретiнде дидактикадан кейiнгi орынды алады. Оқытудын технологиясын -- қолданбалы дидактика десе де болады. Бiр сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту iс - әрекетiнiн әдiс-тәсiлдерi мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Қазiргi бiлiм беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейiнше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкiн емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсiптiк, адамгершiлiк, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетiнiң қалыптасуына игi әсерiн тигiзедi, өзiн-өзi дамытып, оқу-тәрбие процесiн тиiмдi ұйымдастыруына көмектеседi. Қазiргi педагогика жаңалықтарын пән ерекшелiгiне қарай қолдана бiлу - оқыту мақсатына жетудiң бiрден - бiр жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудiң тиiмдi, нақты жолдарын көрсетедi. Оқытудың жаңа технологиясы iс-әрекеттiң жоспарланған нәтижесiне жетудiң шартты тәсiлi ретiнде қарастырылатын жаңа әдiстердiң жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлi оқыту технологиясынан ерекшелiгi мынада:
- бiлiм алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт iшiнде қабылдау дәрежесiнiң жоғары мөлшерiне жетуiне бағытталғандығы;
- бiлiм алушы мен мұғалiмнiң белсендiлiгi

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: