ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИIМДIЛIГI

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

к жүйесiн құруға септiгiн тигiзер едi. Сондықтан қазiргi кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсендi түрде ендiру - қоғам талабы.
Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етiп, оларды оқу үрдiсiн жетiлдiру бағытында қолдану мәселелерiмен В. П. Беспалько, К. Ж. Бұзаубақова, Қ. А. Сарбасова, М. М. Жанпейiсова, Ш. Таубаева, Л. А. Шкутина және т. б. ғалымдар айналысты 2-6.
"Технология" - ұғымы соңғы кездерi ең көп қолданылатын ұғымдардың бiрiне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, бiлiм беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдiк технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрi болмасын, өзiнiң мәнiн анықтап, сипаттама берудi қажет етедi. Қазiргi кезеңдегi ғылыми айналымда "технология" және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берiлген анықтамалар баршылық. Алайда бiлiм беру жүйесiнде дәл қазiргi кезеңде жүрiп жатқан процестердiң технологиясының мәнiн ашып, түсiндiретiн жалпы анықтама әлi де болса бiр жүйеге келген жоқ
Бiлiм беру жүйесi басқару органдарынан, түрлi типтегi және деңгейдегi бiлiм беру мекемелерiнен, жүйенiң жұмыс iстеуi және дамуын қамтамасыз ететiн қаржы қорлары мен материалдық объектiлерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделi құрылым болып табылады. Технологиялық тәсiл бiлiм беру жүйесiнiң кез-келген саласында (басқару, бiлiм беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкiн. Сондықтан, "бiлiм беру технологиясы" - деген сөз тiркесiн бiрыңғай түсiндiру мүмкiн емес. Бұл ұғымды тек қана

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: