ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИIМДIЛIГI

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

циялық желiлерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау" - деп атап көрсеткендей, қазiргi кезеңде әрбiр мұғалiмнiң алдына қойып отырған басты мiндеттерiнiң бiрi- оқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру 1,5.
Осы орайда, бiлiм берудiң мақсаты - қазiргi қоғам талабына сай алынған терең бiлiм, бiлiк, дағдылар мен құзырлықтардың негiзiнде еркiн бағдарлай бiлетiн, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетiнше дұрыс, тиiмдi шешiмдер қабылдауға қабiлеттi жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру - бiлiм беру мекемелерiнде жеке тұлғаның танымдық белсендiлiгiн арттыруға септiгiн тигiзетiн оқу процесiн ұйымдастырудың тәсiлдерiн, әдiстерi мен нысандарын iздестiруге өзектi сипат бередi.
Бiлiм беру мекемелерiнiң алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелi, нақты бiлiм беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажеттi деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның бiлiм деңгейiн, шығармашылық қабiлетiн қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық бiлiм беретiн мекемелердiң дағдылы iсiне айнала қойған жоқ. Әлi де болса көптеген оқу орындары оқыту процесiн ұйымдастыру мен жүргiзуде оқытудың дәстүрлi әдiстерi мен тәсiлдерiн пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесiн сапалы түрлендiруге, жаңашыл жобаларды енгiзуге, оны тиiмдi басқаруға негiз болып, әрбiр бiлiм мекемесiнде өзiндiк даму жолын табуға, әрбiр мұғалiмге өзiнiң әдiстемелi

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: