ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИIМДIЛIГI
Төлегенова Индира Қайыржановна
Саран гуманитарлы-техникалық колледж оқытушысы
Әлемнiң жетекшi елдерiнiң көпшiлiгi бiлiм беру жүйесiн, бiлiм берудiң мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесiне қарап бағалайтын болды. Бiлiм берудiң қазiргi негiзгi мақсаты бiлiм алып, бiлiк пен дағды, iскерлiкке қол жеткiзу ғана емес, солардың негiзiнде дербес, әлеуметтiк және кәсiби бiлiктiлiкке - ақпаратты өзi iздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты өмiр сүру және жұмыс iстеу болып табылады.
XXI ғасырда әлемдегi қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы бiлiм беруге қойылатын талаптарды түбегейлi өзгерттi.
Дүние жүзiндегi инновациялық процестердiң барлығы кез - келген мемлекеттiң экономикалық дамуының жоғары деңгейiн қаматамасыз етумен бiрге, ғылыми-техникалық iлгерiлуiн де едәуiр жылдамдатады. Өйткенi, мемлекет дамуының негiзi болып табылатын инновациялық саясат кез - келген бәсекеге қабiлеттi мемлекеттегi ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми - техникалық процесс бүкiл әлемде "инновациялық процесс" - ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етедi. Инновациялық процесс жаңа бiр өнiмнiң алынуын бiлдiредi де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейiнгi ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлi қарым - қатынастар (өндiру, алмасу, тұтыну) кешенiн өз қарамағына алады.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының 8-бабында "Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық коммуника
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>