Орта білім мазмұнын жаңарту- «өмірлік білім алудан» - «өмір бойы білім алуға», «білімді үнсіз тыңдаудан – ізденімпаздыққа», «білімнен – құзыреттілікке» жетелеу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ніп, тәжірибемен ұштастыру қашан да болсын қиын соғатыны белгілі. Бірақ "Менің ішкі талпынысым сыртқы кедергілерге еш тәуелді болмауы керек" деп фолософ Кант айтқандай, бұл сыртқы кедергілерді өз талпынысымызбен шешуге тырыстық.
Пилот мектептегі Жаңартылған білім бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының 4 тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады десек, бұл төрт дағды оқу жоспарында "Шиыршық әдісімен" орналасқан және бір - бірімен тығыз байланысты.


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ



Қазақ тілін оқыту осы дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдарын, яғни ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді ұйымдастыру арқылы іске асты. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгеруге септігін тигізді.
Мәселен, "Аңдар" тақырыбын өткенде сабақтың қызығушылықты ояту бөлімінде жануарлар әлемі жайлы 2 минуттық видеодан бастау себебіміз оқушыларға ой тастай отырып, сабақ тақырыбына, мазмұнына талпыныс білдірулерін көздедік. Бұл жұмыста оқушылардың нақты бір объектіге бағытталған мақсат қойып тыңдауы мен қажетті ақпаратты алу үшін тыңдауына қол жеткіздік. Оқушыларға сұрақтар қойылып, сұхбатты жалғастыра отырып, сабақ тақырыбы мен мақсаты, күтілетін нәтиже айқындалды.
Жұптық жұмыс. Жұпта аңдардың суретінен пазл құрату барысында жануарлардың, аңдардың атаулары т. б. сөзді айтқызу арқылы сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, байқағыштық қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстағы ақпарат оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтеді және оқушылардың тәжірибелік әрекет дағдыла

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: