ін" деп көне қытай ғұламасы Конфуций айтқандай, яғни білім үйренушіден, түсіну, қолдану, талдау, сол ақпарат бойынша жаңа мазмұн құрастыру немесе креативті нәтиже көрсету, бағалау күтіледі. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оқушы бойындағы тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығы да міне, осында.
Сондықтан біздің еліміздің мұғалімдері осындай форматтағы бағдарламалар мен оқыту үрдісін жылы қабылдап және онымен жұмыс істеуге дайын деп үміттенгіміз келеді. Ұстаздар қауымы неліктен өзгеруі керек? Себебі заман талабы бізден талмай еңбек етуді, ескіше көзқарастан, дәстүрлі оқытудан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды талап етеді.
Өскемен қаласы 39 пилоттық
мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі
Меирманова Назгуль Серикбековна
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы: 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. - 226 б.
2. Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары, оқу-әдістемелік құрал
3. UNIVERSITY OF CAMBRIDGE Faculty of Education Center of Excellence Nazarbayev Intellectual Schools Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші негізгі деңгей)
Страницы: << < 4 | 5 | 6