Орманға саяхат жобасы

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

ей. Жапалақтап жауып жатқан күміс қар бұның алды-артын орап: "Досың жоқ бос қиял, досың жоқ бос қиял" деген сөздерді әлсін-әлсін қайталап, мазақ ететін секілді. Ал орындық байғұс қар екпінін көтере алмағандай тақтайы салбырап ыңырсыи түседі. "Иә, бұл орындыққа отырмағалы да көп болыпты-ау"-деп күрсінді Ақпан. "Отырған былай тұрсын, сен оны көріп жүрсің бе?"-дегендей болады алды-артын орай жауған қар. Таңертең мен кешке жұмыс орны мен үйі арасындағытымбайтын жүрісте дәлірек айтсақ жүгірісте кездесер көріністердің құрамында осы орындықта бар. Бұлар бір екі жыл бойы ешқашан өзгеріп көрмеген Ахметтің үйінің жанындағы тау төбе болып үйілген күл, Мәлік шалдың есігі алдында үнемі жусап жататын кәрі ақбас сиыр, сылағы түскен ескі дүкен үйі сосын осы ағаш орындық. Ал ағаш орындықты Ақпан бүгін ғана көргендей болды, яки дәрігерге қаралып қайтқан бетінде. Өз өміріндегі балалық шағындағы тәтті бір күндерді Ақпан бүгін ғана есіне түсіргендей болды, яғни дәрігер қабылдауынан шыққан бойда. Бағанағы сабалақ жүнді күшік пен қолқылдақ кең етік киген жалаңбас бала, ақшаңқан қардың барлығы да бүгін бөлекше көрінген секілді. Ал бұрын болса. . . Иә бұрын болса қу тірліктің қамы, жұмыс жайы деп, соларды ғана ойлап жүріп рауандап атқан таң мен батқан күннің, жауған қармен жазғытұрымғы шыққан көктің ғаламатын, қайталанбас ғажайып көркін байқай бермейтін жарты басты адам болып келгенін ол бағамдай алған жоқ. Сағатына қарап еді ауруханадан шыққалы табаны күректей бір сағат уақыт болған екен. Жалма-жан салбырап тұрған орындықтың тақтайын қарынан тазалады да, айналасынан сипалап жүріп жұдырықтай тас тауып алды. Тақтайдың бұрынғы шегесі орнында екен. Сонысымен тұғырына қайтадан бекітіп қойды. Сағатына тағы да бір қарай берді де көзін лезде тайдырып әкетті. -- Асықпайықш

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: