Орманға саяхат жобасы

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

лдарға берілетін. Әдейілеп алып шыққан бауырсақтарын үгітіп кептерлердің алдына шашатын да олардың дәнді шоқығандарын қызықтап қарық болып қалатын. Сегізінші сыныпта оқып жүргенде ме еді, жоқ одан кейінірек болар, бірде мұның аяғы сынып, төсек тартып жатып қалғаны бар. Сол бір күндердің бірінде достары шуылдап, шұрқырап халін сұрау үшін жиналған шақта бұл таяғына сүйеніп ақсаңдай басып келіп осы орындыққа сылқ етіп отыра кеткені бар. Айналаны аппақ қар басқан дәл бүгінгідей қыс маусымы еді. Бірнеше күн көзінен таса боп кеткен достарымен көрісуге асығып жеңіл киімімен шығып кетіпті. Осы жайды балалардың ішінде алғашқы боп аңғарған Айнаш есімді қыз бұған тонын шешіп берген болатын. Тонның жылы құшағына көміліп, әрі сүйсініп үн-түнсіз қалған ол құрбыластарының Айнаш екеуін мазақ етіп сықылықтап күлгенінен болар қос бетінің ұшына қызыл қан ойнап шыға келген Айнашқа ғана әлде бір кінәлі сезіммен қарап қалғаны есінде. Сонда балалардың күлкісінен қымсынып қызарған екен ғой. "СолАйнаш қазір қайда екен?". Ал орындық болса қаңырап, шегесі босап салбырап тұр. Жүрегі сыздап кеткендей болды. Мүмкін кішкентай ұяң қыздың сондағы жылы тонын аңсап кеткен шығар. "Сол Айнаш қайда екен?" Кенет келіншегі есіне түсті де бұл қиялынан сәл ыңғайсызданып езу тартты. "Шіркін деймін-ау" деп ойлады ол тағы да. "Сондағы сықылықтаған күлкінің иелері тағы да келіп халімді сұраса ғой, басымның ауырғаны лезде-ақ айығар еді". Алайда бұл ойының бос қиял екенін мойындайды, мойындай тұра өз құрдастарының барлығы да сонау бір кездегідей күлеалмайтынына, жұптарын жазбай келіп халін сұрап, көңілін көтермейтініне, олардан арасы тым алыстап кеткеніне, барлығының да бүгінгі қам-қаракет тірлігі кейбір сәтте сәлем берісудің өзі бақай есепке айналып бара жатқанына көзі жеткенд

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: