Орманға саяхат жобасы

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

ы осы -- деп өзіне-өзі сөйлеп алды да бұрынғы қалпына келіп тап-тұйнақтай жөнделіп қалған орындықтың бір шетіне келіп "сылқ" етіп отыра кетті. Мүмкін бала кезіндегі сияқты құстардыңшықылықтағанын тамсана тыңдағысы келген шығар.

Ертегілер.

"Түлкі мен қасқыр"
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті. . .
Қасқыр түлкіге:
-Сен жей ғой, достым,-депті.
Түлкі арсалаңдап:
-Менің аузым ораза ғой, достым, сен-ақ жей ғой,-депті.
Қасқыр етті жейін деп тұмсығын соза бергенде, мойнын қақпан қауып алыпты да, ет ұшып кетіпті. Түлкі етті қағып алып, жеп қойыпты.
Сонда қасқыр:
-Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді?-депті.
Түлкі:
-Оразам сенің мойныңа түсті ғой,-деп, зыта жөнеліпті.

"Түлкі мен жолбарыс"
Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты.
Жолбарыс айтыпты:
-Мен мына жардан құлап кетермін, сен түлкі, менен төмен жат,-депті.
Сөйтіп, түлкі жолбарыстың аяқ жағына жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатыпты:
-Әй, жолбарыс, мені басып кеттің, әрірек жат,-депті. Жолбарыс жылжи беріп, жардан құлап өліпті.
"Түлкі мен тырна"
Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір аңшы түсіп, інге келіпті. Інді қазып, әлгілерге жақындаған кезде шыбық салыпты. Шыбық тиген соң, тырна түлкіге: "Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда деуші еді, сол амалыңның біреуімен құтқар, құтқармасаң өлеміз",-депті.
Сонда түлкі:
-Амалым құрыды,-дейді.
Тағы өлуге жеткен соң, тырна айтыпты: "Олай

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: