Жаз маусымына арналған іс-шаралар жоспарында балалармен жүргізілетін іс-шаралар түрлендіріліп берілген. Жоспар балабақшада бала өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, шынықтыру- сауықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында құрылған. Жоспардың І бөлімінде балалардың психологиялық, физиологиялық, интелектуалдық тұрғыда өсіп жетілуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастыру жұмыстары; ІІ бөлімінде балалармен шынықтыру шараларын ұйымдастыру, экскурсия, саяхат; ІІІ бөлімінде тәрбиешілермен педагогикалық және методикалық жұмыстарды ұйымдастыру; ІV бөлімінде ата-аналармен жұмыс; V бөлімінде педагогикалық ұжымды басқару стилі мен әдісін жетілдіру, бағдарламаның барлық бөлімі бойынша оқу-тәрбие үрдісіне нақты талдауды қамтамасыз ету мақсатында балабақшаның оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылау және әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жоспарланған.