айталады/ мен сені "көк мылжыңның" бірі шығар деп ойлаушы едім. Мені тіпті айға да балап, періштеге де санап өлең оқушы едің ғой. Есіңде бар ма?" Әйелінің әлеулайын селқос тыңдап отырған Ақпан сол сәтте "Жоқ" деп жауап қата жаздап барып , есін енді жиғандай, "Иә" дегенді басын изеу арқылы білдіре салған. "Қазір мен саған періште болмай қалдым ба? Әлгі "үйленгенше ғана жаным дейді" дегеннің кебі ме?" Құдай ұрайын десе оңай емес пе? Бұл тағы да басын изей салыпты. "Бәсе, өзім де солай ойлап едім. Сен айта беретін алау сезім бықсыды деші" деген. Жауап орнына Ақпан жастық жастануға да жалқауланып, төсегіне сұлай кеткен. Сонда ғана басы ауырып мазасы кетіп жүргенін бағамдаған. Енді мінеки дәрігерге қаралып қайтып барады. Далада әппақ ұлпа қар жайымен ғана жауып тұр. Бұл дүниенің ғажайыптығын ғаламға паш еткісі келгендей бетіңді аймалап ақырын өбеді. -Ғажап-деп күбірлеп қойды Ақпан. Алдынан сабалақ жүнді қара ала иттің күшігі мен аяғына қолқылдақ кең етік киген шұнақ құлағы өрттен шыққандай қып-қызыл жалаңбас ұл жүгіріп өтті. Анадайға барып шоқиып отыра қалған күшік қар суынан тітіркенді білем, әлсіз ғана сілкініп қояды. Бұл көрініс өз үйі орналасқан көшенің шетіне іліккенше көз алдынан кетпеді. Енді мінеки оның бар назары осы маңда орналасқан ұзынша келген аласа ағаш орындыққа ауды. Орындықтың шегесі босаған болуы керек, ұзын тақтайдың бір ұшы салбырап қалыпты. Ақырын тербеліп, сықыр-сықыр етеді. Ақпан дәл осы арада ағаш орындықтың бар екенін қалай ғана есінен шығарып алғанына таңданған қалпы кінәлі адамдай қымсынып, қажет болмаса да қымтанып қойды. Балалық шағыңда, орта мектепте оқып жүрген кезіңде осы орындықтаталай рет отырып еді. Иығын қиып жіберуге шақ тұратын ауыр сөмкесін бір шетіне қойып қойып тәтті қия
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>