болса, менің амалым бар! Сол амалмен құтылармыз,-депті де, түлкіге,-мен өлген боп, апанның ауыз жағында жатайын. Адам қол созып, мені жемтік екен деп, алып тастар. Сонда мен айғай салып ұшайын, ол жалт қарағанда, сен жұгіріп кет"-дейді де, іннің аузына барып жатады. Аңшы қол созып еді, қолына тырна екенін көрген соң, жерге тастай беріпті. Сонда тырна айғай салып ұша жөнеліпті. Ал, адам "аһ" деп жалт қарағанда, түлкі шыға жөнеліпті.
Сөйтіп, екеуі де аман-есен аңшыдан құтылыпты.
"Адасқан құмырсқа"
Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.
Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты. Ақыры құмырсқа өзінің жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп өтініпті:
-Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес.
Сонда ара досы:
-көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,-деп әрмен қарай ұша жөнеліпті.
Құмырсқа енді қоңызға барады.
-Мен сен үшін мына жұмысымды тастап кете алмаймын,-деп жауап берген қоңыз да қиын домалатып жөніне кетіпті.
Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа үйіне қарай кетіп бара жатып, жолда өзінің бауырластарын кездестіріпті. Мұның мұңайған жүзін көрген құмырсқалар: "Саған не болды? Неге көңілсізсің?"-деп сұрайды.
Құмырсқа оларға басынан кешкендерінің бәрін айтып беріпті. Бауырластары оған дәнді жеткізуге көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. "Адасқанның айбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң" деген осы екен.
"Арыстан күшігін асыраған мысық"
Бі
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>