- от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Барысы: Педагог балалардың назарын тақтадағы күн мен аққалаға назар аудартады. Жылы түстер - дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.
13. "Сайқымазақтарды киіндір"
Мақсаты: Түстер туралы білімдерін тиянақтау.
Ойын құралдары: а/. Спектр түстері бейнеленген дөңгелек қатты қағаз. Дөңгелектің ортасында қозғалмалы сағат тілдерімен, ақ түсті киімдегі билеп тұрған кейіптегі сайқымазақтар суреті орналасқан. ә/. 2 - 2 ден жартылай қиылған сайқымазақ киімдерінің қиындылары. Астыңғы бөлігінде жапсырма қағаздары орнатылған болуы керек.
Барысы: Педагог балаларға спектр түстері, олардың орналасу тәртібі жайлы
түсінік береді. Сарғыш түстен кейін сары, одан кейін жасыл, көгілдір, көк, сия көк, қызыл түс. Сағат тіліне қарсы тұрған түсті алып 2 түстерді атап, сайқымазақтардың киімін киіндіреміз. Түстерді атап сөйлем құрастыра білуіміз керек. Сайқымазақтарды киіндіріп болғаннан кейін, олардың түстерінің ерекше қанық, айқын екендігіне назар аударады.
14. "Натюрморт, пейзажды құрастыр"
Мақсаты: Балалардың бейнелеу өнері жанрлары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, қиылған зат бейнелерінен натюрморт, пейзаж картиналарын құрастыруға үйрету.
Ойын құралдары: Қағаздан қиылған жеміс, ыдыс, өсімдік, гүл бейнелері
15. "Түсіне қарай орналастыр"
Мақсаты: Балалардың 6 түс туралы алған білімін бекіту. Заттардың әр түрлі сыртқы ерекшеліктеріне. / пішін, көлем, атқару қызметіне / назар аудармай отырып түстерді айыруға үйрету.
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>