ҚМТҚ пәні бойынша дидактикалық ойындар картотекасы және олардың сипаттамасы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

r/>Көрнекіліктер: Әр балаға 10х10 см түрлі - түсті 6 шаршыға бөлінген /30х20 см/ жолақша қатты қағаз. Ұсақ қатты қағаздан ойылған ойыншықтар бейнесі.
Барысы: Балалар, біз қазір "Түсіне қарай орналастыр" ойынын ойнаймыз.
Сендердің алдарыңда түсті жолақша бар. Ал, қандай түсті ойыншықтар бар екен? Мынау не? / Көк түсті машинаны көрсетіп,/
- Машина.
- Ал, мынау не? /Қызыл түсті машинаны көрсетіп/
- Машина.
- Ал олардың қандай айырмашылы бар? /екеуін бірге ұстап қатар қояды/ Егер балалар жауап беруге қиналса педагог өзі көмектеседі.
" Олар бірдей ме екен? Айырмашылығы неде? Дұрыс, біреуі көк түсті, ал екіншісі қызыл түсті. Басқада ойыншықтардың түстері ажыратылып орналастырылады
16. "Пішіндер қандай болады?"
Мақсаты: Балаларды дөңгелек және шаршы пішіндерімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді зерттей білуге / саусақпен шеттерін сипап айналдырып шығу, атын атау/
Құрал - жабдықтар: Қуыршақ, қатты қағаздан жасалған үлкен дөңгелек және шаршы пішіндері.
Үлестірмелі материал: әр балаға 3 тен әр түсті дөңгелек және шаршы пішіндер беріледі.
Барысы: Тәрбиеші балаларға қонаққа Перизат атты қуыршақ келгендігін, оның қолында себет бар екендігін айтады.
- Қане, себетте не бар екен? Тәрбиеші себеттен қалташаларды алып ішіндегі қызыл және көк дөңгелек шаршыларды шығарады.
- Ой, балалар, қараңдаршы қуыршақ бізге түрлі - түсті пішіндер ала келіпті. Мынау дөңгелек. Мен саусағыммен былай сипап ұстап шығамын. Енді маған бір бала келіп қуыршаққа дөңгелекті саусақпен қалай айналдырып шығатындығын көрсетеді. Ал, қазір ауада саусақтың ұшымен дөңгелектің суретін салып көрсетейік.
- Ал, мына пішін шаршы - деп аталады. Мен шаршының шетін де саусақпен айналдырып, сипап шығамын. Менің саусақтарым тура

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: