ҚМТҚ пәні бойынша дидактикалық ойындар картотекасы және олардың сипаттамасы

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ң түстерімен салыстыра отырып орындайды. Тексеру мақсатында қуыршақтың қандай түсті бас киім мен көйлек кигендіктерін сұрайды. "Бірінші қуыршақ қызыл бас киім мен қызыл көйлек киді" ойын соңында түстердің қызылдан сия көкке ауысқандығына назар аударады.
11. "Түрлі - түсті гүл шоғын құрастыр"
Мақсаты: 1. Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту. 2. Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары:
1. Гүлдің жасыл сабағы мен жапырағы бейнеленген 2 құмыра суреті ілінеді. Гүл сабағының ұштарына нейтрал түстен дөңгелек (сұр, ақ) жапсырма қағаз жапсырылады. 1 ші құмыраға жылы, 2 ші құмыраға суық түсті ою - өрнекпен әшекейленген.
2. Түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған гүл қауыздары: олар,
Суық түстер: көгілдір, көк, сия көк және жылы түстер: сары, сарғыш, қызыл, түсті гүл қауыздары. Олардың астыңғы бетіне жапсырма қағаз орнатылған.
Барысы: Педагог балаларға екі құмыраға гүл шоқтарын құрастыруларын сұрайды. 1 ші құмыраға жылы - отқа ұқсас түстерден:, ал 2 ші құмыраға суық - аспан, су, мұз түстес түстерден гүлдерді жинау сұралады. Тақтаға 4 бала шақырылады. Балалар екі топқа бөлініп, құмырадағы гүл шоғын құрастырып болғасын өз гүл шоқтары жайлы сөйлем құрайды. Мысалы: Мен сары, сарғыш, қызыл түстерден гүл шоғын құрастырдым"
12. " Жылы және суық түстер"
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту. Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға аққала мен күн суреттері ілінеді.
Аққала суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. Күннің айналасында жылы

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: