жылжып барып шаршының бұрышына келгенде тоқтайды. Тоқтап барып бұрыштан бұрылады. Тағы да жылжып барып, бұрыштан бұрылады. Енді бәріміз де ауада шаршының суретін салып көрсетеміз. Әрі қарай қатты қағаздан қиылған пішіндерді көрсетіп қайталатады. Барлық балаға қалташалардағы дөңгелек және шаршы пішіндерді екі қатарға қойғызу. Қиналған балаларға көмектесу.
17. "Пішіндерді тап"
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Көрсетілген үгіге қарай отырып пішіндерді таңдауға үйрету. Саусақпен пішіндердің шеттерін жүргізу және беттестіру арқылы геометриялық пішіндерді зерттеу дағдыларын бекіту.
Көрнекіліктер: Қатты қағаздан қиылған дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш.
Үлестірмелі материал: 5 геометриялық пішіндер жинағы.
Барысы: Тәрбиеші дөңгелектің шетін саусақпен ұстап көрсетіп балалардан былай деп, сұрайды.
-"Мына пішінді қалай деп атаймыз?
Сопақша пішінді де саусақпен шеттерін сипап көрсете былай деп сұрайды?
- Ал, мына пішін қалай деп аталады? Басқада пішіндерді қайталап сұрап шығады. Содан кейін барып тапсырма беріледі. Балалардың алдында дәл осындай пішіндер жатады. Алдарындағы жолақтағы пішіндердің үстіне қолдарындағы пішіндерді апарып беттестіп анықтауларын айтады.
18. "Геометриялық пішінге ұқсас заттарды тап"
Мақсаты: Геометриялық пішіндер мен заттардың ұқсатығын таба білуге үйрету.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша және 3 - 4 осы пішіндерге ұқсас заттар. Шығыршық.
Барысы: Балалар орындыққа жартылай шеңбер болып отырады. Ортада 2 үстел қойылып, оның біріншісіне геометриялық пішіндер, ал екіншісіне ұқсас заттар қойылады. Тәрбиеші мына пішіндерді мен көрсетіп, шығыршықты біреуіңе домалатамын.
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>