өзі көрсетеді. / ең үлкені төменде, орташасы ортасында, кішісі ең жоғарыға қойылады.
21. "Қай құлыпты қай кілтпен ашамыз?"
Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Құрал-жабдықтары: Бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Барысы: Алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
22. "Үйдің есігін жабайық"
Мақсаты: Заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтары: Үйдің, есіктің суреттері.
Барысы: Қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
23. "Вагондарға дөңгелек таңдау"
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
24. "Әдемі кілемшелер"
Мақсаты: Бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
25. "Таныс пішіндер доминосы"
Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген доминолар.
Барысы: Балаларға суретті доминолар таратып беру. Ж
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>