Шығыршықты ұстаған бала мына үстелдегі заттар арасынан осы пішінге ұқсас затты тауып береді. Табылған зат жоғары көтереді, ал басқа балалар қол шапалақтайды.
19. "Қапшықта не жатыр?"
Мақсаты: Балалардың зат пен пішіндер арасындағы ұқсастықты айыра білу туралы дағдыларын бекіту.
Көрнекіліктері: Геометриялық пішіндер жинағы, әр түрлі пішіндегі ойыншықтар: ағаш шарлар, жұмыртқа,, бочкалар, доптар,, шырша бүрлері,, жидектер,, жемістер,, көкөністер,/ дөңгелек және сопақша пішіндегі/, ілгектер / шаршы және дөңгелек пішіндегі/
Барысы: Балалар жартылай шеңбер болып тәрбиеші алдында отырады. Үстелдің бір шетіне геометриялық пішіндер қойылады. Қапшық тәрбиеші қолында болады. Балалар қапшық ішіндегі заттарды біртіндеп алып атап, пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсас екендігін айтады. Қиналған балаларға педагогтың өзі көмек береді.
Мысалы: Мынау жұмыртқа, ол сопақша пішінді.
Ойын аяғына дейін ойналады.
20. "Үш шаршы"
Мақсаты: "үлкен", "кішкентай", " орташа", "ең үлкен", "ең кішкентай", "кішірек" сөздерін қолдана отырып, 3 заттың көлемін салыстырмалы түрде ажырата білуге үйрету.
Жабдықтар: Тақта. Көлемдері 3 түрлі шаршылар. / балаларға да осындай таратуға арналған жабдықтар/
Барысы: Тәрбиеші балаларға өзінің қолындағы шаршы пішінінің бар екендігін көрсетеді.
- Балалар менің қолымда 3 түрлі шаршы бар.
- Үлкен шаршы.
- Орташа шаршы.
- Кіші шаршы.
Енді сендер маған өз қолдарыңдағы шаршыларды көрсетіңдер. Ең алдымен үлкен шаршыны көрсетіңдерші. Содан кейін орташа шаршыны көрсетіңдер. Барлық пішіндерді атап болғаннан кейін балаларға шаршылардан мұнара құрастырулары сұралады. Мұнараны қалай қандай пішіндерден бастап құрастыруларын
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>