ақылау қажет, бақылау үшін оған еркіндік беріп қою керек». Шынымен де күштеп парта басына отырғызып қойған бала жөнінде не білуге болады? Ал егер бала өзі үшін маңызды және қызықты іспен айналысып жатса, онда оның жеке тұлғасы жан-жақты қырларымен көрінері анық. Баланы бақылау нәтижесінде оның даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіншіліктер туындайды. Осылай дидактикалық материалдар көмегімен бақылау жасау нәтижесінде біртіндеп Монтессори технологиясы деп аталған педагогикалық әдістер жүйесі туындады. Қысқаша Мария Монтессори оны «өмірге көмектесу» деп атайды. Бұл әдіс бұрыннан келе жатқан баланың ерте дамуыына қатысты алуан түрлі технологияларға ешбір қатысы жоқ. Өйткені бала дамуын жеделдету немесе оған басқа да бір әсер жасауға мүмкін емес. Әр бала өз жылдамдықпен, өз жолымен дамуға мүмкіншілігі бар. Ендеше Монтессори әдісі педагог алдына баланың осы даму жолын анықтауды және оған қолайлы жағдайларды жасауды мақсаттайды. Сәбидің даму жолында тұратын барлық бөгеттерді дер кезде жойып отыру және ықпалды көмек беріп отыруды көздейді. Монтессори жүйесі жөнінде қысқаша: «Баланың арнайы дайындалған ортасында еркін жұмыс істеуі» деп айтуға болады.
Еркіндік пен тәртіптің бірігуі
Еркіндікті кейбір адамдар ойға келгенді істеу, немесе ойран салу, анархия деп түсінеді. Бірақ Монтессори алғашқы кітаптарынан бастап еркіндік ұғымы мен әлеуметтік еркіндік екі бөлек түсінік екендігі жөнінде айтады. Адам өзін-өзі қамтамасыз ете алса, жаңалықты сырттан көмексіз меңгере алса, ол өзін еркін ұстай алады. Монтессори тобында алғаш көрген адам балалардың бөлме ішінде еркін қозғалуы, қажетті заттарды өз бетінше алуы, және бұл жағдайда оларға ешкім ұрысып, не сөгіс жатқан жоқ екендігін тамашалайды. Балалар өз бетімен әрбір іспен ерен еңбек жасап жатады, және ешбір ескертусіз алған заттары
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>