н орындарына қояды. Бұл таңғанарлық тәртіп пен еркіндіктің бірігуінің көрінісі. Мұндай іс-қимылдар еркіндігі бала белсенділігіне салынатын әлеуметтік тізгіндерді де босатуға мүмкіншілік береді. Одан әрі, арнайы дайындалған орта баланы ықпалды іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Мария Монтессори пікірінше еркін іс-қимылдар нәтижесінде бала өзінжеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіншілік алады.
Сонымен қоса, Монтессори бойынша еркіндік ол ойға келгенді істеу, шектеусіздік емес, ол баланың жеке тұлғалық ерекшелігін қорғауға, өзіндік, жауапты шешім қабылдауға бағытталған құқық. Сәби өз пікірін айтуға қабілетті тұлға ретінде қабылданады. Әрине, ондай баламен қарым-қатынас құру әлде қайда қиынға түседі. Өйткені ол өзіне және өзі жасап жатқан іс-әрекеттерін құрметпен қарауды талап етеді. Ол ересектер алдында өз пікірін әр кезде қорғауға дайын тұрады, сондықтан оған әр іс-қимылыңды ұқыптылықпен түсіндіріп отыру қажет. Екіншіден, мұндай баламен қарым-қатынас жеңілдейді, өйткені ол өзін ғана құрметтеп қоймай, іс білген әрбір адамға құрметпен қарай біледі. Ол ересектерді ашқан жаңалықтарымен таңғалдырып ғана қоймай, олармен қарым-қатынас құруға дайын тұрады. Бірақ бұл қарым-қатынас күші басымды ересектер қалауынша емес, үәделескен ережелерге сай екі жаққа тең деңгейде жүреді
Баршаға қолайлы өмір ережелері
Өте жиі мұндай ережелер топ бөлмесіне кіреберіс есікке ілініп қойылады. Бұл ережелер осы топқа келетін барша халықөа арналған: ата-аналарға, қонақтарға, және, ең бастысы, тәрбиешілерге. Монтессори ережелерінде не жазалау, не марапаттау шаралары көзделмеген. Өйткені Мария Монтессори кішкентай бала үшін не біріншісі, не екіншісін қолдану мүмкін емес. Сөзсіз, оны жазалауға болмайды, ал марапаттау күресшілдік, бақталас, қызғаныштық сезім туғызады. Біреу жеңгенде өзгелер
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>