Монтессори-педагогикасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

М. Монтессори әдістемесінің негіздерімен танысу
Знакомство с основами методики М. Монтессори
Тәрбиеші: Тортаева Г. К
2018ж
Бүгінгі күні Әлемде алуан түрлі тәрбиелеу жүйелері қолданылады. Олардың бәрі баладан жан-жақты дамыған шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Бұлардың ішінде ерекше орын алатын Монтессори педагогикасы. Ендеше онымен тереңірек танысып көрейік.
Монтессори-педагогикасы
Монтессори-педагог- дайындалған орта, арнайы дидактикалық материал
Мария Монтессори (1870-1952 жж) – итальян педагогы мен ғалымы есімі бүкіл Әлемге кеңінен танымал, оның жүйесі негізінде бірнеше балабақшалар мен мектептер жұмыс істеп жатыр.
Монтессори жүйесінің тууы.
Итальян дәрігері Мария Монтессори педагогикаға француз дәрігері мен педагогы Эдуард Сеген еңбектерімен танысқаннан кейін келді. Сеген болжады, даму үрдістерінде әртүрлі ерекшеліктері бар балалар «қалыпты» балалардан бір басты айырмашылығы – табиғи белсенділігінің ықпалсыздығы. Ал бұл белсенділікті арнаулы ынталандыру материалдары арқасында оралтуға болады. Осы тұжырымды, және осы ынталандыру материалдарын Мария Монтессори өз технологиясының негізіне алды. Нәтиже күтілгеннен әлде қайда озық болып шықты: екі жылдың ішінде оқуға қабілетсіз деп саналған балалар жазу мен оқуға үйреніп ғана қоймай, Римде өткізілген олимпиадаға «қалыпты» деп есептелетін балалармен қатар қатысып, онда жеңімпаз деп те аталды. Бұл жетістік Монтессориді, әрине, ынталандырды, ол енді педагогикамен тереңінен айналысуды қолға алды. Мамандығы дәрігер болғасын ол бұл мәселеге биологиялық тұрғыдан қарады: бала, ана құрсағында жатқан кезінде, қауіпсіз жағдайда және дамуы үшін қажеттінің бәрін еш қиындықсыз алып жатады, ал туылып жатқан сәби бүкіл бала тұлғасына кері әсер тигізетін үлкен стресске ұшырайды ек

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: