лемнің бүкіл жаңалықтарын ортаға салады. Шеңберде балалар кеңістік туралы білімдері мен сөз қорын артумен қатар әртүрлі әңгімелерді тыңдайды, өз пікірін қорғауға, естігендерін мәлімдеуге, өлеңдер жаттауға үйренеді.
Шеңбер ішінде балалар инабаттылық сабақтарын – тәрбиелі адамның өзін қоғам ішінде ұстау ережелерін - әлеуметтік жаттығуларды қабылдайды. Мектепке дейінгі жастағы балалар мәдени адамның қалыптасу кезеңін бастарынан өткізеді, олар өздерін сыпайы ұстауға, дұрыс сөйлеуге, әр жағдайда өздерін дұрыс ұстауға үйренгілері келеді. Осы шеңбер негізінде педагог балаларға адамдар арасындағы қарым-қатынас үлгілерін көрсетуге мүмкіншілік алады. Негізінде сыпайылық сабақтары – ол ролдік ойындар жиынтығы болып табылады. Олардың нәтижесінде балалар әртүрлі жайттарды ойнап өту барысында әр жағдайда қажетті сөздерді, іс-қимылдарды (мысалы, амандасу, танысу, ниет білдіру, телефонмен сөйлесу, т. б. реттерін ) жасауды меңгереді.
Балалар алып адамдар әлемінде
Қалайша бала үшін үлкендердің әлемінде өмір сүруге қиын екендігі жөнінде Монтессориге дейін ешкімнің ойына келген жоқ. Бұл әлемде ол өзін ойламаған жерде Алыптар еліне келіп қалған айтулы Гулливер сияқты сезінеді. Ересектер әлемі ол үшін хаос тұңғиығы ретінде көрінеді. Өйткені бір шамалы қателік үшін үлкендердің күшінде ешбір аяусыз қатал жазалау – ол бір ғана сынып қалған шәшке болса да екен. Мұнда бала қателік жасау мүмкіншілігі жоқ екендігін әбден түсінеді. Монтессори өз еңбектерінде ата-аналарға, барша адамдарға бала үлкендердің қолындағы ойыншық емес екндігін жеткізгісі келді. Балалардың тәрбиелеу барысында ескере отыру қажет өзіндік ынтасы мен ықыластары бар. Монтессори бүгінгі күнге дейін өз маңыздылығын жоймай келе жатқан тұжырымға келді: «Баланы тәрбиелеу үшін ең алдымен оны білу керек, ал білу үшін оны б
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>