Монтессори-педагогикасы

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

гін қабылдайды және сандар санаттарын Монтессори математиканың көмегімен ол алдымен 10-ға дейін санауға үйренеді, бұл сандарды қайталап есептеуге, салыстыруға, тіпті қолымен ұстап көруге де мүмкіншілік береді. Кейін олар 10-дық жүйемен қосу, алу, көбейту мен азайту әрекеттеріне үйреніп реттік санды меңгере алады. Есептерді шығара отырып оладың ойнауға, өзара қарым-қатынас құруға, кішкене бұзақы болуға, тіпті жетекшілік жасауға мүмкіншіліктері туындайды.
Тілдік аймағында дыбыстық ойындар нәтижесінде сәби сөз қорын молайтады, сөйлеудің грамматикалық құрылымын арттырады, фонематикалық дыбыс есту қабілетін дамытады. Монтессори материалдары көмегімен ол қолын дамытады, оның ұсақ және ірі қозғалтқыш әрекеттерін арттырады. Баланың оқу мен жазу үрдісін меңгерулері өте қызықты өтеді. Балалар оқуға жазуды меңгеру арқылы келеді. Алдымен бала әріптерді сөздерге құруға қозғалмалы алфавит арқылы үйренеді, кейін сөздерді қағазға жаза бастайды, өзгеше айтқанда сөздегі әріптерге талдау мен іріктеу (синтез) жасаумен айналысады. Ал бала ешбір қысылмай жаза бастағанда, өз бетімен оқи ала бастағаны да айқындалады, кейін ол қиын сөздерді, қысқа сөйлемдерді, алғашқы кітаптарды оқи бастайды. Осылай бала біртіндеп түсініп оқуға көшеді.
Ғарыштық аймақта балалар өсімдіктану, зоология, анатомия, география, астрономия, тарих, өзге ұлттар мәдениеттері жөнінде алғашқы түсініктерді қабылдай бастайды. Олар әр заттар мен айналадағы орта арасындағы байланыстарды анықтайды және оның тұтастығын қабылдауға үйренеді. Балалар «Әлем картасы», күнтізбе, жануарлар мен өсімдіктерге арналған дидактикалық ойындар, кеппешөптер, егістік тұқымдары, ұлу қабыршықтары, т. б. заттармен айналысады. Жаратылыстану – ғылыми білімді балалар көбінесе шеңбер нәтижесінде алады. Шеңберде балалар тәрбиешілерімен жиналып Ә

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: