Монтессори-педагогикасы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

жүру барысында әртүрлі заттарды ұстап жүреді, мысалы: жіптегі дөңгелектер, қасықтап су тасиды, би іс-қимылдарын, немесе емдік жаттығуларын жасайды.
Сезімдік даму аймағында сәби айналадағы ортаны тану үшін өз сезімдік қабілеттерін қолана алады. Осы аймақта орналасқан материалдар арқасында бала өзінің көру, есту, дәм тану, иіс сезу қабілеттерін арттыруға, және әр температураны сезінуді, заттардың мөлшерлік айырмашылығын тану, бұлшықеттік жадысын жаттықтыруға мүмкіншілік алады. Түр мен мөлшерлерді тану, көрушілідік жадыны дамытуды жаттықтыру үшін балалар 4 топ цилиндрлермен, түрлі-түсті цилиндрлермен, көлемді геометриялық денелермен жұмыс істейді. Түстерді ажырату қабілетін дамыту үшін - түрлі-түсті кеспелер қорабшаларымен жұмыс істеу жақсы көмектеседі. Логикалық ойлау қабілеттерін көру сезімі нәтижесінде дамыту үшін - әртүрлі геометриялық денелерді қолданады.
Сезімдік материалдаырмен жұмыстың негізгі мақсаты – бала сезімдерін дамыту және артырумен қосымша мақсаттары да бар: сәбидің бақылау, талдау, қорытындылау, түйінді мәселелерді анықтай алу іріктеу қабілеттерін арттыру. Бұл жайтта жадыда сақтаудың әр түрлері артады, жаңа ұғымдар меңгеріледі және бұрынғыдан жоғары деңгейге көшу үшін дайындық жұмысы жүргізіледі: көрнекілік әрекеттіктен-көрнекілік кейіптікке . (К. Е. Сумнительный. Как помочь ребенку построить себя. Москва, 2001).
Математикалық аймақта бала орта арқылы математикалық ұғымдарды жүйелеуге мүмкіншілік алады, мұнда ол жаңағы ұғымдарды нақты тәнімен сезінуге мүмкіншілік алады. Монтессори математикасының арқасында балаға математиканы үйрету жеңілге түседі, ол математиканы бір қиын және қызықсыз пән ретінде қабылдамайды. Бұған қоса балалар математикалық белгілер мен сандармен ғана танысып қоймай, ондық жүйемен, арифметикалық әрекеттердің анық түсіні

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: