ес, оған қоса өзіндік сезімдерін де дамыту. КӨЖ материалдары көмегімен балалар өздеріне күнделікті қызмет етуге, өз заттарын бақылауға үйренеді, мысалы:
Ыдыстан- ыдысқа су құю, пипетканы қоладана алу;
Ыдыстан-ыдысқа тұз, қантты құю;
Моншақтарды жіпке жинау, жіпті теру;
Пинцеттер мен прищепкалармен қолдана алу;
Түймелерді, «найзағайларды», жабысқақтарды, бант, басқыштарды тағу,
Қол жуу;
Ыдыс, кір жуу, өтектеу
Жемістер мен көкөністерді жуып тазалау;
Металлдарды тазалау;
Аяқ киімді тазарту;
Кестелеу, ою-өрнек жасау.
Бұл материалдармен балалар ойнамайды, олар шынымен үй жұмысын орындайды, ал олардың қолданылатын заттары ойыншық емес, нақты заттар. «Сәбидің іс-қимылының әлсіздігі мен ыңғайсыздығын заттардың өзі дәлдеп отырады: аударып алған орындық немесе сынып қалған ыдыс. Бұл заттар балаға айтқандай болады: бізді пайлана алуға, өзіңді еркін ұстауға үйрен, қозғалыстарыңды сұлуландыр және жақсы ұйымдастыр, өз денеңнің мырзасы бол. Олар баланы шектемейді, олар бала үшін ерекше тәрбиешілер бола бастайды» (К. Е. Сумнительный Как помочь ребенку построить себя. Москва, 2001). Басқаша айтқанда қатені бақылаушы өз жұмысын атқарады да, бала өз қатесін өзі көреді және оны түзеуге мүмкіншілік алады. КӨЖ материалдарына әртүрлі сызықтар да жатады. 6 жасқа дейін баланың тәні жетіледі, бала денесінің пішіні ересек адамның дене пішінен әлде қайда басқа. Сондықтан балаға өз денесінің іс-қимылдарын басқаруға біраз қиындықтар туғызады. Сызықтар үстіндегі жаттығулар балаға денесін бағындыруға көмек көрсетеді, қозғалыстарын, іс-қимылдарын басқаруға, дене отырысын дұрыс ұстаға, вестибулярлық аппаратын дамытуға,қозғалмалылығын, денесін бос жіберуге, медитация жасауға, өзіндік жинақталуға үйретеді. Дене ұстауын дамыту үшін, балалар сызық үстінде
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>