ори-педагогына тағы «сезімдік кезеңдер» туралы білімі де көмектеседі. «Сезімдік кезеңдер» - ол баланың ешбір қиындықсыз жаңа білімді немесе дағдыны қабылдай ала алатын уақыт өлшемі. Тәртіпті қабылдау мен үйрену кезеңі 3 жасқа дейінгі кезеңді алады, 5,5 жасқа дейін – сезімдік даму кезеңі, 6 жасқа дейін – тіл даму кезеңі, оның өзі бірнеше бөліктерге бөлінеді (ауызша тілдің дамуы, жазуға дайындық мерзімі, оқуға дайындық, түсініп оқу кезеңі, сөйлемдер ішіндегі сөздердің қызметтерімен танысу). 2,5 – 6 жасқа дейінгі мерзімде баланың әлеуметтік қалыптасуы жүріп жатады. «Сезімдік маусым» аяқталған бойы адам жаңа «қайрат, күш, ұқыптылықты талап ететін» (М. Монтессори. Дети другие. Москва, 2004) дағдыларға ие болады. «Егер бала негізінде жоқ ішкі бұйрықтарға сәйкес немесе ішкі сезімталдығына сүйеніп іс-әрекеттер жасау мүмкіншіліктерін ескермейді, ол әр нәрсеге табиғи жолмен үйренуден тыс қалады. Және де бұл мүмкіншілік мәңгілікке жойылып кетеді. » (сонда) Осыған байланысты балаға қажет дамуды ықпалдататын материалмен қамтамасыз етілген арнайы дайындалған орта, және бұл материалдың орналасуы баланың өз еркімен таңдай алуына әбден мүмкіншілік беруге тиіс. Міне сондықтан Монтессори-педагог балаға қажет, өйткені оның іс-әрекеттерінің негізі өзін-өзі үйрететін және өз қимылдары мен іс-әрекеттерін өзі таңдайтын бала болады, және бұл педагогтың «балаға деген ықпалы баланың өзінен шыққан еркін іс-әрекет ретіндегі ықпал болуы қажет» (сонда). Осыған байланысты баламен қарым-қатынастың түбінде оған деген құрмет пен шыдамдылық жатуға тиіс.
Ал енді Монтессори ортасы мен материалдарына кеңірек тоқталып өтейік. Монтессори жүйесі бойынша жұмыс жүргізетін бөлме (бізде – Монтессори технологиясына негізделген Даму орталығы) балалар үшін ыңғайлы жиһазбен қамтылған, және, ең бастысы, Монтессори
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>