Монтессори-педагогикасы

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

елер – ол педагогикалық және әдеби шеберліктің жиынтығы деуге болады. Өйткені ол барша адамдар түсінетін және ынтамен қабылдайтын түрде болуы тиіс. Бірақ ережелер тым көбейіп кетуге тиіс емес, онда оның құндылығы азаяды және оларды балалар жадында сақтай алмайды. Уақыт өте келе ережелер балалардың өміріне сіңісуі соншалықты, ересек балалар жаңадан келгендерге өз бетінше ережелерді үйретуді талап етеді. Монтессори тобында жиі мынаны естуге болады: «Бізде бұлай істеуге болмайды. Қане, мен саған қалай істеу керек екендігін айтып не көрсетіп берейін». Балалар бір-бірінен өте тез үйренеді. Сонымен, Мария Монтессори тиімді шектеулер қоюымен еркін педагогика өкілдерімен ғана емес қатаң тәртіп қолдаушылармен де жолы бөлінеді. Монтессори топтарында балалар айналадағы ортамен танысуда дидактикалық материалдарды үлкен ынтамен қолданады сонымен қатар үлкен белсенділік пен қызығушылықты білдіреді. Монтессори топтарында балалар саны өзге дәстүрлі топтардағыдан сәл кем. Монтессори топтары құрылуының ерекшілігі – бір топқа әр жастағы балалар бірігеді. Мұндағы қойылатын ең басты мақсат – ересек жастағы тәрбиеленушілер жаңадан келген, жастары кіші балаларға өз бетінше тәлімгер, үлгі, даму бағдары болады. Үлкендер үшін де бұл жағдайдың пайдасы мол: оларға мұғалім рөлін орындау өздеріне өте ұнайды. Бұл рөлде ересек балалар білімдерін нығайтуға, бекітуге, кеңейтуге және басқа адамдар үшін жауапкершілік атқаруға мүмкіншілік алады.
Іс-әрекет ойын ретінде
«Жұмыс» ұғымы балаларға қатысты алуан түрлі пікірлерді туындатуға мүмкін. Ал Мария Монтессори өзі бала мен ересектер орындайтын іс-қимылдар арасында үлкен айырмашылық бар деп үнемі ежелеп отыратын еді. Сәби іс-әрекет жасау кезінде сыртқы мақсаттарды көздемейді – бұл мақсаттарды оның алдында көбінесе үлкендер қойып отырады. Мысалы, су

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: