quot; (Айнала қалай өзгерер еді, неге?);
oo "Егер ойыншықтар тіріліп, сөйлеп кетсе" (Олар не айтар еді?);
oo "Егер адамдар ұрысуды доғарып, достықта өмір сүрсе не болмақ" (Ол үшін балалар не істей алады?) және т. с. с.
Ұсыныс: Әр кезде психолог ойынға әртүрлі жауаптарды ойластыруы мүмкін. Балалар оларды талдап және ең жақсы жауапты таңдайды.
"Санағышпен жұмыс"
Мақсаты: Баланың қол моторикасын дамыту. Санағыштарды пайдалана отырып түрлі пішіндерді құрастырту арқылы қиялын кеңейту.
Құралдар: Үлгілерді көрсетуге арналған карточкілер, санағыштар.
Барысы: Балалардың қолдарына санағыштар беріледі. Балаларға санағыштардан әр түрлі пішіндерді құрастыру ұсынылады. Түсінбеген жағдайда карточка тарату арқылы үлгілері көрсетіледі.
Ұсыныс. Балаға бұл жаттығу барысында алдыңғы үш саусақпен ғана жұмыс істеуі ескертіліп, бақыланады.
"Ақылды бояушы"
Мақсаты: Баланың зейінін, ойлау жүйесін, қиялын дамыту.
Құралдар: Боялмаған суреті бар карточка, түрлі-түсті бояулар, қол сүрткіштер.
Барысы: Балаларға боялмаған суреті бар карточка ұсынылады. Бұл суретті бояу өзгеше түрде жүргізіледі. Онда сандар немесе әріптердің қандай түстермен боялатындығы көрсетілген. Бала зейін қоя отырып, берілген тапсырманы ұқыпты, мұқият өз бетімен орындауға кіріседі.
Ұсыныс: Балаға қиындық кездескен жағдайда көмек көрсете білу керек.
"Үрленген шармен сурет салу"
Мақсаты:Қиялын,жүйелі ойлау қабілетін,өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Құралдар: Гуашь езілген, А3 ақ парақ, үрленген шарлар, қол сүрткіштер.
Барысы: Балаларға қағаз, үрленген шар, гуашь езілген ыдыс беріледі. Балаларға осы шардың көмегі
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>