мен суреттер салуға болатынын түсіндіреді. Үлгілері көрсетіледі. Әрі қарай балалар өз қиялдарынан суреттер бейнелеуге кіріседі.
Ұсыныс: балалардың таза, ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау. Көз, мұрын, қанаты т. б. суретіне қажеттілерді жапсыру арқылы да қолдануға болады.
"Жүрекке жан бітір"
Мақсаты:Қызығушылығын арттыра отырып, бала қиялын дамыту,өз бетімен әрекет етуге үйрету.
Құралдар: Түрлі-түсті қағаздардан жүрекшелер, қағаздар, қайшы, желім, қол сүрткіштер .
Барысы: Балаларға жүрекшелер ұсынылады. Сол жүрекшелерден жаңа бір бейне ойлап тауып, жүрекшеге жан бітіреді. Балаларға үлгілер көрсетіледі.
Ұсыныс: Үлгілерді қайта жасауға болмайды. Бала өз қиялынан жасауы қажет.
"Шанышқымен сурет салу"
Мақсаты:Қиялын, жүйелі ойлау қабілетін,өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Құралдар: Гуашь езілген, А4 ақ парақ, үрленген шарлар, қол сүрткіштер .
Барысы: Балаларға қағаз, шанышқы, гуашь езілген ыдыс беріледі. Балаларға осы шанышқының көмегімен суреттер салуға болатынын түсіндіреді. Үлгілер көрсетіледі.
Ұсыныс: шанышқыны жаттығу барысында бір-біріне тығып алмауын қадағалау.
"Жіптерден бейне жасау"
Мақсаты: Қиялды ойымен ұштастыра білу. Ұсақ қол моторикаларын дамыту.
Құралдар: Қатты түрлі-түсті қағаз, бояулар, тоқуға арналған түрлі-түсті жіптер, ПВА желімі, қол сүрткіштер.
Барысы: Балаларға қажетті құралдар беріледі. Жіптен не жасауға болатындығы, не үшін пайдаланатындығы сұралады. Бүгін жіппен өзгеше жұмыс жасайтындықтары айтылады. Үлгілер көрсетіледі.
Ұсыныс: Тапсырманы жақсы орындаған балалар мадақталады.
"Саусақпен сурет са
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>