Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

еріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жәймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден - гүлге ұшып жүргенін көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл - қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарын жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен - жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісін сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған иісінің ортасына отырыңдар! Тағыда оның жұпар иісімен демалыңдар. . . енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.






"Қуыршақты киіндіру"

Мақсаты: Баланы киімді дүрыс үйлестіріп киюге үйрету. Қиялын дамыту.
Барысы: Балаларға алдарына қағаздан жасалған қуыршақ пен киімдері беріледі. Балалар берілген киімдерді үйлестіріп қуыршаққа дұрыс кигізе білуі қажет.
Ұсыныс: Киіндіру барысында баладан қандай киім кигізгенін, оның түсі қандай, қай мезгілде кигізуге болатынын сұрап отыру.




"Анаңа дастархан жасауға көмектес" ойыны

Мақсаты: Балалардың қиялдау жүйесін дамыту.
Құралдар: ойыншық ыдыс-аяқтар.
Барысы: Балаларға сұрақтар қойылады.
1. Балалар сендер үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
2. Аналарың сендерден көмек сурайма?
3. Қандай көмек сұрайды

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: