Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

?
Ендеше балалар, бүгін біз "Анаңа дастархан жасауға көмектес" ойынын ойнайық.
Столдың үстінде ыдыстар шашылып жатады. Үш баланы ортаға шығарып, балалар көрдіңдер ме?. Біздің асханамыз шашылып жатыр. Анамыз жұмысқа кетті. Енді біз осы асханамызды жинастырып, тамақ ішуге дастарханымызды дайындайық.
Біреуің асхананы жинастырыңдар. Екіншің тамақ дайындаңдар. Үшіншің дастарханды дайындаңдар деп тапсырма беріледі.
Ойынның шартын қызықты өту үшін түрлендіруге болады. Тамақ құйып бер, шай құйып бер. Тәрелкелерді жина, кружкаларды жина, тамақты ысытып әкел, шайды қайнатып әкел деген сияқты.
Ұсыныс: Балалардың қиялдау жүйесін ойын арқылы бақылау. Дастарханды қалай жасайды, қалай орналастырады, ыдыстардың қайсысын не үшін пайдаланатынын сұрап аңғарып отыру.


"Егер де мен . . . " ойыны

Мақсаты: балаларды қиялдауға үйрету.
Барысы: Психолог балаларға әртүрлі тақырыпта қиялдап көруді ұсынады:
oo "Егер де мен сиқыршы болсам" (Қандай? Не себептен? Не істер едің және т. с. с. );
oo "Егер де уақыт жоғалып кетсе" (Бұның қандай жақсылығы бар? Жамандығы қандай?);
oo "Егер де мен елсіз аралда қалсам" (Не істер едің?);
oo "Егер менде көп ақша болса" (Бұл қасиетті қандай жағдайда қолданар едің?);
oo "Егер де ғалымдар аспанға дейін өсетін өсімдіктің ұрығын ойлап тапса" (Ұрықтың түрі қандай болар еді? Оның өсуіне қандай күтім қажет?);
oo "Егер де көктем ешқашан шықпаса" (Өсімдіктермен, жануарлармен, адамдармен не болмақ? Жаз қандай болмақ?);
oo "Егер де мен үйден биік болсам" (Айналадан қандай жаңа нәрсе көрер едің? Кімге және қандай көмек көрсетер едің?);
oo "Егер де мен құмырсқаның көлеміндей болсам&

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: