реттер салайықшы. Жай ғана бейнені ерекше суретке айналдырайықшы.
Берілген тапсырманы ерекше етіп ойлап салған бала ұтады.
Ұсыныс: Егер сурет салуда балаға қиын болып жатса, үлгі суреттерді көрсетуге болады. Бірақ көшіріп салуға болмайды.
"Сиқырланған табиғат аясы"
Мақсаты: Бала қиялын, жүйелі ойлауын дамытып, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру,әсемдікке баулу.
Құралдар: Схема арқылы үзік сызықшалармен салынған табиғат аясы бейнеленген карточкалар, жай қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті бояулар, қол сүрткіштер .
Барысы. Балаларға карточкаларды таратып, "Сіздердің алдарыңызда сиқырланған табиғат аясы суреті". Сиқыршы оны көрінбейтін етіп салған, сондықтан ондағы өсімдіктер мен ағаштардың кейбір бөлшектері сіздерге көрінбейді. Бірақ, біз суретшінің жұмысын дұрыстап зейін қойып қарай отырып, сызықшаларды қосып, суреттерін саламыз. Оны бояймыз. Біздің табиғат аямыз өте әдемі болуы тиіс.
Ұсыныс: Суретке табиғат аясынан басқа да суреттерді пайдалануға болады.
"Қиялшыл бала"
Мақсаты: Баламен әңгімелесу арқылы сөздік қорын молайтып, қиялын дамыту.
Барысы: Балаға мынадай сұрақ қойылады: "Егер мысықтарға арналған мектеп ашылса немесе адамдар ұша алатын болса, иттер адами тілде сөйлейтін болса, не болар екенін елестетіп көрші".
Ұсыныс: Баланың жауабын тыңдап, сұрақ қою арқылы қиялын әрі қарай шыңдау қажет.
"Көбелектер әлемі" жаттығуы
Мақсаты: релаксация және бала қиялын дамыту.
Құралдар: баяу орындалатын әуен, кілемшелер.
Барысы: Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ - қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенін қосып былай дейді: "Көзд
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>