Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ақаев, Р. Әміров, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова т. б. ) өз еңбектерінде балалардың дұрыс сөйлеу , грамматикалық дағдыларын қалыптастыру және оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, келесіде, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады. Сондықтан тақырып өзекті.


1. Негізгі бөлім

1. 1 Тілдегі грамматикалық мағыналар, грамматикалық қателердің сипаты

Грамматикалық мағыналар - бұл болмыс кұбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну ксрек, Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни АЛМА ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда "алма ағашы отырғызылды" немесе "алма ағашын отырғызады" деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістін немесе толықтауыштык, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының шақ формаларының мағынасын түсінбейді). Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: