түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.
Ана тілінід грамматикалық мағыналарын үйретудің қиындығы мынада бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.
Мұнан оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады, Ана тілдің грамматикалық, мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру жене оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда егер бұл процесс нашар оқытылу арқылы бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарынан арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді (3).
Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар калыптасады.
Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты: Амал канша, біздің методикада балалардың грамматикалық мағыналарды үйренуі үстінде онын артта қалу жағдайын қалай ертерек анықтауға болатыны туралы ешқандай нұсқау жоқ. Біз бұл қолайсыз жағдайды бала әбден мектепке барып, қашан I кластың сабағын меңгеруге қабілеті жетпей қалғанда ғана сеземіз және ол кезде бұл қателікті түзетудің өзі қиын.
Бірақ сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесіндегі баланың грамматикалық қателерін түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>