өзектілігі:
Тілді, оның ішінде балаларды ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары "грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында балалар өздері-ақ үйренеді" деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектептерінде балаларды сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің грамматикалық жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Балабақшада тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:
- грамматиканы меңгерту;
- грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа балалардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д. Н. Богоявленскийдің, Н. Ф. Жуйковтың, Н. С. Рождественскийдің, Е. Г. Шашкованың және т. б. балаларға грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М. Бал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>