Бұл қателер грамматикалық мағыналарды үйрену процесінің қалыпты жүретінін, бала өз ана тілінде қаншалықты грамматикалық мағыналар болатынын біліп алғанын және оған сол грамматикалық мағыналарды бейнелейтін үлгілерді жеткізген өз тәрбиешісінің педагогтық талантының шама-шарқына байланысты мөлшерде біліп шыққанын көрсетеді. Тілдегі грамматикалық формаларды түсіну (интуициялық) жолына дер кезінде бағытталмаған бала көбіне үндемей отыра беретіндіктен мұннан қателерді болдырмайды.
Балалардың тіліндегі қолданылын жүрген грамматикалық формаларды олардың түсінетіндігін, алайда оларды сөйлеу кезінде қалай жұмсауды әлі есте сақтай алмағандығын - тілдік нормаларды әрі үйренбегендігін көрсететін грамматикалық қателерден мысалдар келтірейік.
Сөз тудырудағы грамматикалық қателер. Балалар өздерінің үйренген, сөздеріне құсас өзіндік сөздер жасап алады. Мысалы:
Тракторист сөзіне ұқсату арқылы: "комбайнист" - "Комбайнист егін орып жүр" (5 жас); "Электрист" - "Электристің резина қолғабы бар" (4 жас);
Қыстық сөзіне ұқсату арқылы: "көктемдік" - "Мамам маған көктемдік киім сатып алып берді"; "балалық" - "Біздің үйде балалық кішкене үстел бар".
Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады: өз сөзін "шығармай" дұрыс дамыған бала кемде - кем.
Ересек адамдар баланың бұл жаңа сөздерінің грамматикалық мағыналары сол жан ғана себепке қатысты екенін дұрыс қалпында түсінеді, шын мәнісінде мұнда мағына жағынан грамматикалық қате жоқ та жұрнақтар толығымен ойдан шығарылған, олардың білдіріп тұрған мағынасы ғана дұрыс; мұндағы қате сол, балалар бұл жұрнақтардың әдеби тілде қандай түбірлік морфемалармен бірге келетіндерін есте сақтай алмаған.
Сөз түрлендірудегі грамматикалық
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>