Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

қызық заттарды көре білуге психологиялық дайындықты ғана емес, осындай жағдайларда икемді әрекет ете білу ісерлігі талап етіледі. Ол балалардың әуестігін ынталандырып, табиғаттың өзгерісін көрсетуге, өз бетімен қарапайым қорытындыны жасауға, арнайы әрекетті қолдана білуге, жаңа білім және өмірлік тәжірибе ала білуге үйретуі керек.
Эксперименттеудің қанғаттанарлықтай нәтижесіне жету үшін бақылаудың барлық түрінің жалпы талаптарын ескеру және сақтау қажет.
Бақылаудың мақсаты мен міндеттері нақты және мақсатқа жетерліктей болуы керек. Тапсырманы орындау әрекеті танымдық сипатта болып, баланың қойылған сұраққа жауап іздеуге, ойлауға, еске түсіруіне жағдай жасауы керек.
Әрбір бақылау балаларға жаңа мәлімет пен білім беріп, біртіндеп алғашқы түсініктерін тереңдетіп және кеңейтеді.
Балалардың алған білімдерін жұмыстың басқа түрлері мен әдістері: педагог пен балалардың әңгімесі, тақырыпқа қатысты қосымша ақпаратты оқу, көргенін әңгімелеу, сызба құрастыру, сурет салу мен мүсіндеу, ұжымдық жұмыс арқылы бекітіп, нақтылап, жүйелеп және қорытындылау керек.
Ақыл-ой әрекетін белсендіру түрлі тәсілдермен; бақылаудың нақты және мақсатқа жетерліктей міндетін қою, тексерудің әрекетін бақылаудың тәсілі ретінде қолдану, балалардың тәжірибесін қолдану, бақылаудың нәтижесін бірнеше рет қайталап айту, бір нысананы басқалармен салыстыру, әр түрлі дәреждегі түрлі сұрақтарды қою арқылы жүзеге асады.
Осындай жолмен тұтастай бақылау және экспериметтеу барысында балалардың алған білімдері іс-тәжірибеге нық бекітіліп меңгеріледі, өйткені ол осы және басқа да ақпараттардың өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасқан.
Мектепке дейінгі балалардың эксперименттеу дағдыларын дамыту эксперименттеудің іздену әрекетіне ертеңгі оқушының көзқарасымен белсенді қатысу р

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: